9116

«Дұрыс диагноз қоймады»: Жамбыл облысында экс-депутат өлімнен әрең аман қалды

Дәрігерлер жоспарсыз отаға асыққан.

«Дұрыс диагноз қоймады»: Жамбыл облысында экс-депутат өлімнен әрең аман қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шу аудандық ауруханаға желке тұсындағы ісікке байланысты тексерілуге барған облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Шолпан Ырысалиева дәрігерлердің қате әрекетінен өлім аузынан қалғанын айтты.

Науқастың сөзінше, ақ халаттылар толық зерттеу жүргізбестен жобалап диагноз қойған және бірден отаға жатқызуға тырысқан. Анестезиолог бірнеше мәрте тыныс жолына түсе алмай, наркоз енгізу кезінде әйелдің жұтқыншағын жарақаттаған.

Оқиғаны аудандық бас дәрігер де растады. Қателікке жол берген екі маманға қатаң сөгіс жарияланды.

Наркоздан кейін жағдайы күрт нашарлаған 57 жастағы әйел бір ай бойы тамақ іше алмай қалған. Кейін жеке емханаға барып тексерілгенде ісіктің қатерлі екенін бір-ақ білген. Бұл ауруды аудандық деңгейде емдеу мүмкін еместігі анықталған.

Шолпан Ырысалиева бұл істі жабуға ниетті емес. Ол емін жалғастырып, өз басынан өткені өзгелерге сабақ болса дейді.

Материал авторы