13553

Өзбекстан мен Түрікменстан басшылары Трамппен орысша сөйлесті

Ақ үй дастарханындағы тілдік ахуал халықаралық сарапшылардың назарына ілікті

Өзбекстан мен Түрікменстан басшылары Трамппен орысша сөйлесті
Getty Images / Andrew Harnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Орталық Азия көшбасшыларымен өткен «С5+1» саммитінде тілдік айырмашылықтар айқын көрінді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердымұхамедов келіссөз барысында орыс тілін қолданды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон халықаралық кездесуде мемлекеттік тілдерінде сөйлеп, ұлттық ұстанымды сақтады.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесінен кейін сөз алып, ағылшын тілінде сөйлеген жалғыз көшбасшы болды. Бұл шешім сарапшылар тарапынан Қазақстанның батыстық серіктестікке басымдық беретіні жөнінде пікір қалыптастырды.

Ақ үйдегі кездесуде қолданылған тілдердің өзі аймақ басшыларының сыртқы саяси бағдарын айқындап берді.

Материал авторы