SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында қадағалау органдары Құрсай өзені маңында жер қойнауын заңсыз пайдалану әрекеттерін әшкереледі.
Арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген рейд барысында өзен етегіндегі жер қыртысын бұзып, құм-қиыршық қоспасын рұқсатсыз өндіру фактілері анықталды. Тексеру барысында арнайы ұшқышсыз құрылғы қолданылғаны хабарланды.
Прокуратура заңсыз өндіру экологиялық қауіп тудырып қана қоймай, халық наразылығын күшейтіп, өңірдегі тұрақтылыққа кері әсер ететінін атап өтті.
Қадағалау актілерінің негізінде заң талаптарына қайшы жасалған меморандум бұзылды. Жауаптыларға тәртіптік шара қолданылды: Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды, аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура өңірде жер қойнауын қорғауға бағытталған бақылау күшейетінін мәлімдеді.
RUS