SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында жастар ресурстық орталығының бухгалтері бес жыл бойы бюджет ақшаcын заңсыз иемденіп келгені үшін сотталды. Бұл деректі прокуратура растады.
Тексеру барысында 2020 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейін есепші өзіне жалақы және өзге де төлем ретінде негізсіз қаражат аударып келгені анықталды. Жымқырылған сома 17 млн теңгеден асты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот бухгалтерді кінәлі деп таныды. Оған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар қызмет атқаруға тыйым салынды.
Айыпталушының жас баласы болуына байланысты жаза орындау мерзімі 2028 жылдың қыркүйегіне дейін шегерілді.
Залалдың бір бөлігі мемлекетке өтелген. Үкім күшіне енді.
RUS