9159

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының қорытындысы шықты

2025 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шымкент қаласында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізді.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының қорытындысы шықты

Іс-шараға еліміздің 11 өңірінен келген әскери саланың мамандары болып табылатын қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері қатысты.

Республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды. Барлық конкурсқа қатысушылар әскери қызметшілер.

Кіл жүйріктер 4 кезеңнен тұрған байқау барысында қазақ тілінде өздерін шығармашылық тұрғыдан таныстырып, өнерлерін көрсетті, берілген тақырыпта ой толғап, сұрақтарға мазмұнды жауап берді және мақал-мәтел сайысында бір-біріне дес бермеді.

Филолог ғалым, қоғам қайраткері және әскери қызметшіден құралған қазылар алқасы қатысушылардың дайындықтары мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалай келе, келесідей шешім шығарды:

Бас жүлде: Утепов Кудратилла, Жамбыл облысы;

І орын: Ахметов Ильгар, Шымкент қаласы;

ІІ орын: Сон Александр, Жетісу облысы;

ІІІ орын: Шегай Владислав, Қызылорда облысы;

ІІІ орын: Асматулаев Зульяр, Солтүстік Қазақстан облысы.

Ескеріңізге сала кетсек, былтырғы байқауда Қарағанды облысынан Горизанов Владислав бас жүлде иеленген болатын.