Іс-шараға еліміздің 11 өңірінен келген әскери саланың мамандары болып табылатын қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері қатысты.
Республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды. Барлық конкурсқа қатысушылар әскери қызметшілер.

Кіл жүйріктер 4 кезеңнен тұрған байқау барысында қазақ тілінде өздерін шығармашылық тұрғыдан таныстырып, өнерлерін көрсетті, берілген тақырыпта ой толғап, сұрақтарға мазмұнды жауап берді және мақал-мәтел сайысында бір-біріне дес бермеді.

Филолог ғалым, қоғам қайраткері және әскери қызметшіден құралған қазылар алқасы қатысушылардың дайындықтары мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалай келе, келесідей шешім шығарды:
Бас жүлде: Утепов Кудратилла, Жамбыл облысы;
І орын: Ахметов Ильгар, Шымкент қаласы;
ІІ орын: Сон Александр, Жетісу облысы;
ІІІ орын: Шегай Владислав, Қызылорда облысы;
ІІІ орын: Асматулаев Зульяр, Солтүстік Қазақстан облысы.
Ескеріңізге сала кетсек, былтырғы байқауда Қарағанды облысынан Горизанов Владислав бас жүлде иеленген болатын.

RUS