Қазақстанда көкөніс пен тұқым бағасы күрт өсті

07.11.2025, 15:51
9035
Қазақстанда көкөніс пен тұқым бағасы күрт өсті SMARTNEWS.KZ коллажы

Картоп бағасы бір жылда 20 пайыздан астам өскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тағы да көтерілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қазан айында өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда баға өсімі орта есеппен 6,3 пайызды құрады.

Ең жоғары қымбаттаған өнімдер қатарында жаңа жиналған жүзім бар – бір жылда бағасы 35 пайызға жуық өскен. Жылыжай қияры 22,7 пайызға, картоп 20,2 пайызға, бұрыш 16,4 пайызға, жылыжай қызанақтары 15 пайызға қымбаттады.

Сонымен бірге, рапс, күнбағыс, сафлор және өзге де тұқымдардың бағасы 15–22 пайыз аралығында көтерілгені байқалады.

Көкөністерден бөлек, мал және құс шаруашылығы өнімдері де айтарлықтай қымбаттаған. Үй құстарының бағасы бір жылда 28,7 пайызға, шошқа – 23,9 пайызға, ірі қара – 18,9 пайызға, жылқы – 9,9 пайызға, қой – 8,6 пайызға өсті. Сүт пен жұмыртқа бағасының да жоғарылауы жалғасуда.

Дегенмен кейбір дақылдар арзандаған: күріштің бағасы 10,5 пайызға, тары 4,5 пайызға, қарақұмық 4 пайызға төмендеген. Бидай, арпа мен сұлыда да аздаған төмендеу байқалды.

Ауыл шаруашылығы нарығындағы баға ахуалы тұтынушыларға жыл сайын ауырлап барады. Баға өсімін тоқтататын нақты тетік әзірге көрінбейді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан