Түркия Нетаньяхуға геноцид үшін халықаралық ордер жариялады

08.11.2025, 12:35
6468
Түркия Нетаньяхуға геноцид үшін халықаралық ордер жариялады Ronen Zvulun/AFP via Getty Images

Стамбул прокуратурасы Нетаньяхуды жауапқа тартпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Стамбул соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға және 36 жоғары лауазымды израильдік шенеунікке Газа секторындағы геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін ордер берді. Бұл туралы Түркияның Бас прокуратурасы хабарлады.

Айып тағылғандардың қатарында Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир және Қарулы күштер бас штабының бастығы Эяль Замир бар.

Прокуратураның мәлімдеуінше, Израильдің Газа секторында жүйелі түрде жүргізіп отырған әскери әрекеттері мыңдаған бейбіт тұрғынның, соның ішінде әйелдер мен балалардың қаза табуына себеп болған. Мыңдаған адам жараланып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым толықтай қираған.

Айыптау материалында Түркия «Бостандық флотилиясы» ісін де атап өткен. Биыл қазан айында Израиль билігі Газаға гуманитарлық жүк жеткізбек болған кемелерді тағы да тоқтатқан еді. Сол кемелердің бірінде швед экобелсендісі Грета Тунберг те болған.

Израиль басшылары Түркия аумағында болмағандықтан, Стамбул қылмыстық соты олардың қамауға алынуы жөнінде сырттай шешім шығарды. Бұған дейін 2024 жылы Халықаралық қылмыстық сот та Нетаньяхуға соғыс қылмыстары үшін ордер берген болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады