1551

«Әділ шешім болмаса, өзімді өртеймін»: Хасан Қасымбаевтың туыстары шу шығарды

Қасымбаевтың ісі бойынша үкім бүгін шығуы тиіс.

«Әділ шешім болмаса, өзімді өртеймін»: Хасан Қасымбаевтың туыстары шу шығарды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевтың туыстары сот ғимаратының алдында наразылық танытты. Олар президентке бейнеүндеу жолдап, соттың әділ шешім шығаруын талап етті.

Қасымбаевқа қатысты сот үкімі бүгін шығуы тиіс. Таңертеңнен сот алдына жиналған туыстары әділетсіз шешім қабылданса, өздерін өртейтінін айтып, ашық мәлімдеді.

«Күйеуімнің кінәсі жоқ. Үйде үш баласы күтіп отыр. Егер сот әділ шешім шығармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін», – деді айыпталушының жұбайы Зүлфия Қасымбаева.

Хасанның анасы да дәл осындай мәлімдеме жасап, баласын қорғаймын деп өз өмірін қиюға дайын екенін айтты.

Жиналғандардың арасында айыпталушыны бала кезінен білетін қариялар да бар.

«Ол – жүрегі жұмсақ, адамға жақсылық тілейтін бала. Ондай адамды қалайша ұстап отыр?» – деді кейуана.

Еске салайық, 2021 жылы болған оқиға бойынша Хасан Қасымбаевқа «адам ұрлау» және «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» баптары бойынша айып тағылған. Іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр.

Материал авторы