Анджелина Джоли Украинадағы сапары туралы ашық айтты

10.11.2025, 13:31
4803
Анджелина Джоли Украинадағы сапары туралы ашық айтты Paul Conroy

Джоли Украина халқына қолдау білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Голливуд актрисасы Анджелина Джоли әлеуметтік желіде Украинаға жасаған сапары туралы жазба жариялады. Ол соғысқа жақын аймақтарда болып, дрондардың қаупі астында өмір сүріп жатқан жергілікті тұрғындармен кездескенін мәлімдеді.

Актриса Николаев пен Херсон қалаларында болып, соғыс жағдайында күн кешіп жатқан отбасылардың тұрмысымен танысқан.

«Біз тоқтап, дрон ұшып өткенше күтуге мәжбүр болдық. Менің үстімде қорғаныс киімі болды, ал олар осындай жағдайда күн сайын өмір сүреді», – деді Джоли.

Оның айтуынша, соғыс аймақтарында мектептер, ауруханалар мен балабақшалар жер астында жұмыс істейді.

«Тіршілік соғысқа қарамастан жалғасуы керек», – дейді актриса.

Джоли украиндардың басты қорқынышы тек жарылыстар емес, әлемнің оларды ұмытып кетуі екенін атап өтті. Ол сонымен қатар Судан, Газа, Йемен және Конго тұрғындарының ауыр жағдайына да назар аударды.

«Егер еріктілердің өзі күресті жалғастыруға қауқар тапса, үкіметтер де әрекет етуге тиіс», – деп жазды Джоли.

Бұған дейін БАҚ актрисаның Херсонда аурухана мен перзентхананы аралап, аналармен кездескенін хабарлаған. Ал Николаевта оның көлігін блокпостта тоқтатып, күзетшісін әскерге алу әрекеті болғаны айтылды. Джоли жағдайға араласып, күзетшіні босатып алған.

Еске салсақ, 2022 жылы Анджелина Джоли Львов қаласында болған сапары кезінде әуе дабылы жарияланып, актриса еріктілермен бірге жерасты панасына жасырынған еді. Сол кезде ол журналистердің «қорықпадыңыз ба?» деген сұрағына «бәрі жақсы» деп жауап берген болатын. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады