Отандық Aleem қосымшасы App Store-дағы №1 қосымша атанды
21 жастағы Асылжан Алтай жасаған қосымша құны 12 млрд доллар тұратын Duolingo-ны басып озды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 жастағы Асылжан Алтай бастаған команда жасаған Aleem қосымшасы App Store-де алғашқы екі күнде $12 млрд құны бар Duolingo-ны басып озып, Қазақстан мен Қырғызстандағы тегін білім беру қосымшалары рейтингінде бірінші орынға шықты.
Aleem — ағылшын тілін үйретуге арналған интеллектуалды көмекші, барлық қажетті құралдарды бір платформадан ұсынады:
жазу машықтарын дамытуға арналған толық кері байланыс беретін жасанды интеллект;
флэш-карталар және нақты өмірлік жаттығулар;
барлық дағдылар бойынша прогресті қадағалау;
оқушының стилі, қызығушылығы мен деңгейіне бейімделген жеке бағдарлау.
Қосымша толықтай тегін және әрбір қолданушыға ағылшын тілінде еркін сөйлеуді үйретуге арналған.
Материал авторы