6177

Министрліктің 30-ға жуық қызметкері мемлекеттік аудит нәтижесінде жазаланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері жауапқа тартылды.

Министрліктің 30-ға жуық қызметкері мемлекеттік аудит нәтижесінде жазаланды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудиті нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты тұлғалар мен мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудит қорытындысы 2025 жылғы тамызда жасалып, әртүрлі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Жоғары аудиторлық палатасы қызметкерлерге бюджет және басқа да заңнамалық талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілік қарастыруды тапсырды.

Нәтижесінде 28 адам әртүрлі шараларға тартылды:

Ауыл шаруашылығы министрлігі: стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеу мониторингі басқармаларының басшылары;

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті: комитеттің орынбасары, тамақ өнімдері мен биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, республикалық ветеринарлық зертхана басқарушы орынбасары;

Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы: комитет орынбасары, Жамбыл облыстық инспекциясының басшысы, Алматыдағы есеп бөлімінің басшысы;

“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” АҚ: ауыл шаруашылығы өнімін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор мүшесі;

Ғылыми-зерттеу институттары мен аграрлық университеттер: жетекші ғалымдар, экономисттер, инженерлер, есепшілер, лаборатория меңгерушілері;

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен өңірлік кәсіпорындар: инвестициялық жобалар, активтерді басқару және индустриялық аймақты дамыту департаменттері жауапты қызметкерлері.

Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатасы басқа да тапсырмалардың орындалуын толық бақылауда ұстайды.

Материал авторы