SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолы қойылған доп аукционда 12 миллион теңгеге сатылды. Бұл қаражатқа тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйға берілді.
Допты қайырымдылық бағытында жұмыс істейтін «Асар-Уме» қоры аукционға қойған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылардың үлгісі мен осындай игі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Жеңімпаз ретінде аталған кәсіпкердің есімі жарияланған жоқ, бірақ қор өкілдері оның қайырымдылық шараларына жиі қатысатынын атап өтті.
Темірлан Анарбеков биылғы маусымда ерекше ойын үлгісін көрсетіп, қазақстандық футбол жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне ие болды. Александар Заруцкий жарақат алғаннан кейін негізгі құрамға қосылған ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы матчта пенальтиді сәтті тойтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге өтуіне шешуші үлес қосты.
Кейін ол «Пафос» пен әйгілі «Интерге» қарсы ойындарда да қақпаны сенімді қорғап, өз кәсібилігін дәлелдеді.
RUS