SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қараша күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы мәлімдеді.
“ҚазАвтоЖол” жүргізушілерге жолда абай болуды, жылдамдық режимін және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Ұлттық компания жол жабынының тайғақ болуы мен көріну қашықтығының төмендеуін ескеруге шақырады.
Сонымен қатар, 11 қараша таңғы сағат 08:00-де барлық көлік түрлеріне қозғалыс қайта ашылды. Бұл — Ресей шекарасынан Қытай шекарасына дейін созылатын республикалық маңызы бар “Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос” бағытының Жалағаш пен Бәйгеқұм ауылдарының арасындағы (1699–1912 км) бөлігі.
RUS