SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда көлік тіркеу саласындағы ірі алаяқтық тобына қатысты сот үкімі жарияланды. Тергеу барысында арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының кейбір қызметкерлері мен делдалдардың бірнеше жыл бойы жалған тіркеу жасап келгені анықталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдан бері топ мүшелері көліктерді бастапқы тіркеу алымынан жалтарғысы келген иелеріне көмектесіп отырған. Олар жалған тұлғалардың атына құжат рәсімдеп, ақпараттық жүйеге өтірік деректер енгізіп отырған. Нәтижесінде 132 көлік заңсыз тіркеліп, мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден астам залал келген.
Тергеу кезінде 273 миллион теңге көлеміндегі салық пен алым ерікті түрде өтелді.
Сот үкімімен үш айыптыға үш жылдан төрт жарым жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған жеті көлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
RUS