Талғардағы атышулы істің басты айыпталушысына қатысты үкім шықты

11.11.2025, 10:57
323
Талғардағы атышулы істің басты айыпталушысына қатысты үкім шықты SMARTNEWS.KZ коллажы

Хасан Қасымбаев сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында белгілі қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталған Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді.

Сот алдында алты адам жауапқа тартылды: Хасан Қасымбаев, Руслан Әлиев, Мәди Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров.

Олардың барлығына адам ұрлау, ауыр дене жарақатын салу және қорқытып ақша талап ету баптары бойынша айып тағылған.

Сот Хасан Қасымбаевтың кінәсін толық дәлелденді деп танып, оған 12 жыл түрме жазасын тағайындады.

Тергеу дерегінше, 2016 жылдың 16 тамызында Қасымбаев Сыдықжанов және Мұқашев есімді таныстарымен алдын ала келісіп, Талғар ауданында жер телімдерін сатумен айналысқан кәсіпкер Тәжіевті қорқытып ақша бопсалауға шешім қабылдаған.

Олар Тәжіевті Алматыдағы «Кенжехан» базарының маңында кездесуге шақырып, көлікке отырғызған. Жолда Талғар қаласына беттегенде, Қасымбаев жол шетінде күтіп тұрған. Сол жерде ол Тәжіевтің кеудесіне соққы беріп, Мұқашев бүйрегі мен бауырына бірнеше рет ұрған. Қорқытылған кәсіпкерден 1 миллион теңге талап етілген.

Кейін оны Талғардағы мейрамхананың VIP-залына апарып, қайта соққыға жыққан. Жәбірленуші есінен танып қалған. Кейін есін жиғанда, ақша беруге мәжбүр болған.

Қасымбаев бұған дейін атышулы «Хуторлықтар» деп аталған қылмыстық топтың жетекшісі ретінде аталған. Бұл атау 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімімен байланысты резонансты істен кейін тараған.

Алайда Қасымбаев өзін «Хуторлықтар» қылмыстық тобының басшысы ретінде мойындамаған. Ішкі істер министрлігі де мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін ресми түрде растамаған.

Сот үкімі күшіне енді. Қасымбаев пен оның сыбайластарының кейбірі келтірілген залалды өтеген. Іс қоғамда кең талқыланып, Талғардағы жастар арасындағы зорлық мәселесіне назар аудартты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды