403

Енді бағасы қымбаттаған дәрі үшін онлайн шағымдануға болады

Қазақстанда дәрі бағасын тексеріп, қымбат болса шағымдануға болады.

Енді бағасы қымбаттаған дәрі үшін онлайн шағымдануға болады
Zakon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елімізде дәрі-дәрмек бағасын бақылау және дәріханаларға онлайн шағым беру жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, «Наqty Ónim» мобильді қосымшасында әр азамат дәрінің шекті бағасын тексеріп, бағасы қымбат дәріханаларға онлайн шағым түсіре алады. Бұл қызмет «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп әзірленген.

2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда сатылатын барлық дәрі-дәрмек міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл жүйе өнімнің өндірістен бастап дәріхана сөресіне дейінгі жолын толық бақылауға мүмкіндік береді.

Таңбалау жүйесінің арқасында тегін берілетін дәрілердің заңсыз сатылымы әшкереленіп, Бас прокуратурамен бірлескен тексерулер басталған. Министрліктің дерегінше, бұл ашықтық фармацевтика саласындағы салық түсімін 24 пайызға арттырған.

Жоба азаматтарға нақты баға мен дәрі қозғалысын бақылауға мүмкіндік берсе, мемлекетке нарықтағы әділдікті қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл дәріхана саласындағы ашықтық пен тұтынушы құқығын қорғауда маңызды қадам саналады.

Материал авторы