407

Балалар арасында вирустық инфекциялар көбейіп жатыр. Қалай алдын аламыз?

Вице-министр жаппай тұмауға қатысты мәлімдеме жасады.

Балалар арасында вирустық инфекциялар көбейіп жатыр. Қалай алдын аламыз?
Kittichai Boonpong / Dreamstime.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда балалар арасында вирус белсенді таралуда деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде балалар арасында вирус белсенді таралып, инфекциялық стационарларда орын жоқ деген қауесеттер пайда болды. Вице-министр нақтылап, инфекциялық бөлімшелерде науқастар саны шын мәнінде артқанымен, эпидемиологиялық қауіп жоқ екенін атап өтті.

«Бұл – көктем мен күзде болатын кезеңдік құбылыс. Сол климаттық белдеудегі барлық елдерде вирус ауруларының көбеюі байқалады. Алайда өткен жылмен салыстырғанда, ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі биыл өзгермеген», – деді Тимур Муратов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Тұмау жағдайлары да азайған.

«Кейбір балалар инфекциялық және ересектер стационарларында науқастар саны уақытша көбейген. Бір уақытта көп науқас түскенде жүйеге қысым түседі. Бұл кейбір ірі қалалардағы инфекциялық стационарларда байқалады. Бірақ бұл эпидемия емес. Қазіргі таңда елімізде эпидемиологиялық қауіп жоқ», – деп қорытындылады вице-министр.

Материал авторы