390

Бас прокурор қаза болған сарбаздардың аналарымен кездесетінін айтты

Президент тапсырмасынан кейін Берік Асылов митингке шыққан аналарды қабылдайтын болды.

Бас прокурор қаза болған сарбаздардың аналарымен кездесетінін айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов қаза болған және жарақат алған әскери қызметкерлердің аналарын қабылдайтынын хабарлады.

«Ешбір өтініш назарсыз қалмайды», – деп атап өтті Асылов.

Қабылдауға Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның жетекшілері қатысады. Сонымен қатар, әскер қызметкерлерінің қаза болуы мен жарақат алуына жол бермеу шаралары, әскери қызметке шақырудың заңдылығы және медициналық қорытындылардың негізділігі бағаланатын болады.

Оған Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның орталық аппараттарының өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловқа қаза болған және зардап шеккен әскери қызметкерлердің аналарының өтініштерін қарауды тапсырған болатын.

Материал авторы