SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында жол сапасына жүргізілген тексеріс кезінде бірнеше заңбұзушылық анықталды.
Полиция департаментінің мәліметінше, кейбір учаскелерде асфальттың ойылған тұстары, бүлінген жол белгілері мен тозған көпірлер табылған. Сондай-ақ жолдың ортасына салынған сызбалардың қисық түсірілгені де белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.
Полицияның хабарлауынша, биыл облыс аумағында 1913 тексеріс жүргізіліп, 1668 нұсқама берілген. Сонымен қатар 256 лауазымды және заңды тұлға жол инфрақұрылымын талапқа сай ұстамағаны үшін жауапқа тартылған.
Тексеру барысында жолдардың шұрық-тесік күйі мен қисық жол сызбалары түсірілген фотолар да көрсетілді. Мамандар мұндай жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертті.
RUS