Енді шетелдің радиоактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге тыйым салынуы мүмкін

Аиса Махамбет Редактор
11.11.2025, 17:56
367
Енді шетелдің радиоактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге тыйым салынуы мүмкін SHUTTERSTOCK

Депутат шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге және көмуге түбегейлі тыйым салуды ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қараша күні Мәжілісте «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжаттың негізгі ережелерін депутат Еділ Жаңбыршин түсіндірді.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда иондаушы сәулелену көздері энергетика, медицина, ғылым және тау-кен, мұнай-газ салаларында кеңінен қолданылады. Соның нәтижесінде түрлі радиоактивті қалдықтар түзіледі. Алайда қазіргі заңнама бұл саланы толық қамтымайды, ал қолданыстағы нормалар шашыраңқы сипатта.

Жаңа заң жобасының басты мақсаты – радиоактивті қалдықтарды басқарудың бірыңғай құқықтық жүйесін қалыптастыру, халық пен қоршаған ортаны радиациялық әсерден қорғау және қалдықтарды қауіпсіз сақтау мен көму тәртібін белгілеу.

Құжатта радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің жалпы талаптары айқындалған. Сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен айналысатын Ұлттық оператор институтын енгізу және оның қаржыландыру көздері мен техникалық инфрақұрылымын анықтау көзделіп отыр.

Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, халықаралық тәжірибе мұндай оператордың болуы қалдықтар айналымының қауіпсіз әрі ашық болуын қамтамасыз етіп, функциялардың бытыраңқылығын болдырмайды және қауіпсіздік стандарттарын біріздендіреді.

Заң жобасында радиоактивті қалдықтарды жинау, өңдеу, көму және осындай нысандарды жобалау мен пайдалануға беру тәртібі егжей-тегжейлі реттелген.

«Маңызды нормалардың бірі – өзге елдерден радиоактивті қалдықтарды әкелуге және оларды Қазақстан аумағында көмуге тыйым салу. Бұл еліміздің экологиялық егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған», – деді депутат.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды