Шығыс Қазақстанның бұрынғы прокуроры өмірден өтті
Өңір әкімі танымал заңгердің өмірден өткенін жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы прокуроры, әділет генерал-майоры, белгілі заңгер Михаил Керцман өмірден өтті. Бұл туралы аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram парақшасында хабарлады.
«Михаил Яковлевич Керцман – ел заңына және Отанына қызмет етуді өмірлік парыз санаған тұлға. Ол өз ісіне адал, принципшіл әрі әділ адамдар буынының өкілі еді. Оның өмір жолы – кәсібиліктің, жауапкершіліктің және әділдікке берілгендіктің жарқын мысалы», – деп жазды облыс әкімі.
Сақтағановтың айтуынша, Михаил Керцманның еңбегінің арқасында өңірде заң мен тәртіп нығайып, прокуратура жүйесінде адал әрі жауапты қызметкерлер буыны қалыптасты.
«Шығыс Қазақстан халқының және өз атымнан марқұмның жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі әділдік пен адамгершілік символы ретінде жадымызда сақталады», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Материал авторы