Димаш Құдайберген Лондонда CNN телеарнасына сұхбат берді

Аиса Махамбет Редактор
11.11.2025, 19:15
548
Димаш Құдайберген Лондонда CNN телеарнасына сұхбат берді CNN

CNN Димаштың вокалдық шеберлігіне тәнті болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге танылған қазақ әншісі Димаш Құдайберген Лондонда CNN телеарнасына сұхбат берді. Әртіс 12 қараша күні осы қалада өтетін жеке концертіне дайындалып жатыр.

Сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желілерде жарияланды. Бағдарлама жүргізушісі Димаштың 16 түрлі тілде ән орындайтынын және оның ерекше вокалдық диапазоны әлемді таңғалдырғанын атап өтті.

«Димаш 16 тілде ән салады және бүгінде бүкіл әлемге танымал. Ол жақында Нью-Йорктегі “Мэдисон-сквер-гарденде” өнер көрсетті. Ал енді Лондонда концерт өткізбек. Сіз Орталық Азия мен Қытайда аса танымалсыз, енді сізді әлем де жақынырақ тани бастады. Вокалдық шеберлігіңіз көпшілікті таң қалдырады», — деді жүргізуші.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген CNN студиясына шақырғаны үшін алғысын білдіріп, әлемдік аудиторияға Қазақстаннан сәлем жолдады.

«Маған көрсеткен құрметтеріңізге рахмет. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан атынан шын жүректен сәлем айтамын», — деді ол.

Димаштың айтуынша, халықаралық мансабы шамамен 15 жыл бұрын басталған. Ол алғашында опера орындаушылығын меңгеріп, кейін Астанадағы Өнер университетінде эстрада мен джаз бағыты бойынша білім алған. Сондай-ақ композицияны екі жыл бойы оқығанын айтты.

«Бүгін Лондонға келген бетте CNN арнасының “What We Know with Max Foster” бағдарламасына қатыстым. Шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. 12 қарашада өтетін OVO Wembley Arena-дағы концертімде көріскенше!» — деп жазды әнші өзінің парақшасында.

Желі қолданушылары Димаштың сұхбатына жоғары баға беріп, оның ұстазы Марат Айтимовке алғыс айтып, алдағы концертіне сәттілік тіледі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады