Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 орын бөлінді

12.11.2025, 09:15
314
Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 орын бөлінді muftyat.kz

Бас мүфти мен Сауд Арабиясы заңсыз қажылыққа тосқауыл қоюға келісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары барысында Жидда қаласында Қажылық және ұмра істері жөніндегі министр Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті.

Келіссөз кезінде Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 орын бөлінгенін ресми түрде хабарлады.

Тараптар алдағы маусымды жоғары деңгейде ұйымдастыру, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, орналастыру мен көлік жүйесін жетілдіру, ақпараттық және медициналық қызмет көрсетуді тиімді үйлестіру тетіктері қаралды.

Бас мүфти қажылықты заңсыз, яғни визасыз ұйымдастыруға тырысатын фирмалардың әрекетіне тосқауыл қою қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта екі тарап ақпарат алмасу мен бақылауды күшейтуге уағдаласты.

«Сауд Арабиясы жыл сайын қажылық қызметін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізіп келеді. Бұл қажыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Алдағы маусым да жоғары деңгейде өтеді деген сенім бар», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде министр Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиа Қазақстанмен серіктестікті жоғары бағалап, қажылық саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынын айтты.

Кездесу соңында тараптар 2026 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі екіжақты келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов және ҚМДБ делегациясының мүшелері қатысты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды