355

Ресей мен Солтүстік Корея ақпарат алмасу туралы келісім жасасты

Екі ел БАҚ арасындағы тең серіктестік орнатпақ.

Ресей мен Солтүстік Корея ақпарат алмасу туралы келісім жасасты
Владимир Смирнов / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей мен Корея Халық Демократиялық Республикасы ақпараттық ынтымақтастық жөнінде келісімге келді. Құжатқа Мәскеуде Ресейдің Цифрлық даму министрлігі мен КХДР Ақпарат комитетінің өкілдері қол қойды.

Келісімге Ресей тарапынан министрдің орынбасары Белла Черкесова, ал Солтүстік Корея атынан елші Син Хон Чхоль қатысты.

Ресейдің елшілігі таратқан мәліметке сәйкес, құжатта екі елдің мемлекеттік және жеке ақпараттық қызметтері арасындағы өзара ақпарат алмасу, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы тең серіктестік, бірлескен хабар тарату, материалдар мен басылымдар алмасу сияқты бағыттар қамтылған.

Тараптар бұл келісімнің Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы ақпараттық әріптестікті кеңейтіп, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.

Бұған дейін Кореяның Орталық телеграф агенттігі Пхеньянға Ресейдің «Россия сегодня» медиатобының делегациясы барғанын хабарлаған. Делегацияны бас бас редактордың бірінші орынбасары Сергей Кочетков бастап барды.

Материал авторы