Ыстамбұлдың бұрынғы әкімі 2352 жылға сотталмақ

12.11.2025, 10:18
357
Ыстамбұлдың бұрынғы әкімі 2352 жылға сотталмақ Zuma / ТАСС

Ердоғанның саяси қарсыласы жемқорлық бойынша айыпталып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ыстамбұл прокуратурасы қаланың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлына қатысты 142 жемқорлық фактісі бойынша айып тағу туралы мәлімдеді. Прокурорлардың есебінше, оған 828 жылдан 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

BBC таратқан ақпаратқа сай, Имамоғлы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналады. Ол биыл наурыз айынан бері қамауда отыр. Тергеу мәліметінше, экс-мэр мемлекеттік қаражатты жымқыру және заңсыз табысты заңдастыруға бағытталған ірі жемқорлық желісін басқарған.

Прокурор Ағын Гюрлектің айтуынша, 8 айға созылған тергеу барысында 105 адам қамауға алынып, барлығы 3,8 млрд доллар көлемінде мемлекетке залал келтірілгені анықталған.

Имамоғлуға пара алу, қаржыны заңсыз айналымға жіберу және мемлекеттік мекемелерді алдау баптары бойынша айып тағылған.

Айта кетейік, ол бұған дейін прокурорды қорлағаны үшін 20 айға бас бостандығынан айырылған еді. Имамоғлы мен оның баспасөз хатшысы Мұрат Оңғұн биыл көктемде өткен антикоррупциялық операция кезінде ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта экс-мэрге қарсы жаңа іс қозғалып, Түркия прокуратурасы оны және бірқатар бұрынғы шенеуніктерді 2019 жылғы сайлауға қатысты тыңшылық жасады деп тергеуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды