Депутат балалардың TikTok пен Instagram-ға ерте кіруіне тосқауыл қоюды ұсынды
Депутат балаларды цифрлық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді талап етіп отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желілерде тіркелу жасын шектеу қажет екенін айтты. Қазіргі таңда 5-6 жастағы балалар ата-анасының келісімінсіз TikTok пен Instagram-да аккаунт аша алады, бұл олардың психологиялық дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Депутаттың айтуынша, ата-ананың бақылаусыз балалар желідегі ақпаратқа сеніп қалуы немесе зиянды контентпен кездесуі әбден ықтимал. Сондықтан заң жобасында балалардың әлеуметтік желіде тіркелуін ата-аналық рұқсат арқылы реттеу қарастырылған. Бұл қадам Қазақстанда онлайн ортаны қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалануға мүмкіндік береді.
Асхат Аймағамбетов мектеп тәжірибесін мысалға келтірді: кейбір елдерде және Қазақстандағы жетекші мектептерде смартфон қолдануға шектеу енгізілген, нәтижесінде балалар оқу процесіне көбірек көңіл бөліп, бір-бірімен қарым-қатынасты жақсартқан. Осы бағыттағы норма балалардың қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау мүмкіндігін арттырып, саналы және жауапты цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған.
Материал авторы