ЛГБТ пропагандасына тыйым салу балаларды қорғау үшін керек – депутат

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2025, 12:33
394
ЛГБТ пропагандасына тыйым салу балаларды қорғау үшін керек – депутат SMARTNEWS.KZ коллажы

Мәжілісте ЛГБТ және педофилия пропагандасына қатысты түзетулер қабылданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі, Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің өкілі Никита Шаталов Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді қорғау мақсатында ЛГБТ және педофилия пропагандасына қатысты түзетулер халықаралық міндеттемелерді бұзбайтынын мәлімдеді.

Ол кейбір халықаралық құқық қорғау ұйымдарының түзетулерді қабылдамауға шақырған мәлімдемелерін ақпараттық қысым деп бағалады.

«Ұлттық парламенттерге қандай нормаларды қабылдау керегін көрсету – абсурд. Халықаралық ұйымдар өз мәлімдемесімен халықаралық тәжірибені бұзып, бізге қысым жасап отыр», – деді депутат.

Шаталов заң балалар мен жасөспірімдердің отбасы мен некеге қатысты қате түсініктерді қалыптастыру қаупінен қорғауға бағытталғанын айтты.

«Бұл жеке өмірді шектеу емес, қоғамға жат өмір салтын мәжбүрлеуді болдырмау. Қазақстан барлық халықаралық адам құқықтары міндеттемелерін орындайды», – деді ол.

Парламент депутатының айтуынша, Қазақстандағы заңдар қоғамдық кеңістік пен ақпараттық алаңдағы тәрбие мен қауіпсіздікке қатысты.

«Бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес, балаларды зиянды ақпараттан қорғау міндеті мемлекетке жүктелген», – деп толықтырды Шаталов.

Депутат сонымен қатар қоғамдағы дәстүрлі және моральдық құндылықтардың күшін еске салып, азаматтардың позициясын ескеруді сұрады:

«Мыңдаған азамат осы заңды қолдауды сұрап, ресми петиция жолдады. Бұл қоғам талабын елемеу болар еді».

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді