SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда такси жүргізушісі кішкентай баланы белгісіз бағытқа апарғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
4 қараша күні кешке бір әйел екі баласымен – бір жастағы бала мен 4,5 жастағы қызы – такси шақырған. Әйелдің айтуынша, артқы орындыққа қызын отырғызғаннан кейін, жүргізуші көлікті қозғалып, белгісіз бағытқа кеткен. Әйел бірнеше рет қоңырау шалғанымен, таксист қоңырауларға жауап бермеген, содан соң тапсырысты жауып, картадан жоғалып кеткен. Әйел дереу полицияға хабарлаған.
Полицейлер таксисті бір сағаттан кейін Гоголь көшесіндегі айналма жолдан тауып, баланы анасына қайтарды. Полиция мәліметінше, жүргізуші балалардың артқы орындықта ересек адамсыз отырғанын байқамай кеткен.
Қазіргі таңда жүргізушіге жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны және заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін әкімшілік іс қозғалған.
RUS