258

«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды

Астана қаласында Қан орталығы мен Астана медицина университетінің қолдауымен маңызды әлеуметтік бастама жүзеге асты.

«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды
QazMed Volunteers

Онкологиямен ауыратын бүлдіршіндер үшін бір күн ішінде 89 ерікті донор қан тапсырды, нәтижесінде жалпы көлемі 31,5 литр қан жиналды.

Бұл игі іс-шара - «QazMed Volunteers» еріктілер ұйымының бастамасымен және Қан орталығының серіктестігімен өткен ортақ жоба. Акцияның басты мақсаты - жастар арасында қан донорлығы мәдениетін дамыту, сондай-ақ ерік-жігер, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды насихаттау болды.

Қан тапсыруадам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең ізгі амалдардың бірі. Әрбір тапсырылған қан тамшысыбіреудің өмірін жалғастыруға мүмкіндік. Осындай шаралар арқылы жастар қоғамға нақтыүлес қосып, жақсылық жасаудың шынайы қуанышын сезінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да қайырымдылықпен еріктілікке бағытталған жобалар жалғасады. Бұл бастама медициналық еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттырып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайта түспек.