Балалар кинотеатрдан 18+ фильм көрсе, ата-анасына айыппұл салына ма?

Аиса Махамбет Редактор
12.11.2025, 14:43
261
Балалар кинотеатрдан 18+ фильм көрсе, ата-анасына айыппұл салына ма? staticnak1983 / Getty Images

Енді онлайн фильмдердегі ЛГБТ контенті сараптамаға түседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов балаларға арналған фильмдердің жас шектеу белгілеріне қатысты жаңа ережелерді түсіндірді.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа норма әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне жеке бап енгізуді көздемейді. Түзету «заңсыз контентті» таратқандарға қатысты қолданылады. Бірінші рет бұзған жағдайда айыппұл – 20 АЕК, қайталанған жағдайда – 40 АЕК немесе 10 тәулікке бас бостандығын шектеу қарастырылған.

Журналистер балалардың 18+ фильмдерге баруы жағдайында ата-аналар жауапқа тартыла ма деп сұрады. Вице-министр соңғы шешімнің норманың қалай енгізілетініне байланысты болатынын айтты. Қазіргі талап негізінен контент таратушыларға бағытталған.

Кинотеатрлардағы 18+ сеанстарға балалардың қатысуы қатаң бақылауда.

«Бұл мәселені уәкілетті органдар мен жергілікті әкімдік қадағалайды. Егер балаларды кинотеатр өткізсе, жауапкершілікке тартылады», – деді Кочетов.

Онлайн платформалардағы контентке қатысты сұраққа ол фильмдер мен сериалдарда ЛГБТ қауымдастығын жағымды көрсетуге шақыратын элементтер болса, сараптама жүргізілетінін, құқық иелерімен жұмыс істелетінін, қажет жағдайда материалдар интернетте бұғатталатынын атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды