SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаның энергетика саласындағы сыбайлас жемқорлық тексерулеріне назар аударып, бұл жағдай Батыстың да назарынан тыс қалмағанын айтты.
Оның сөзінше, Еуропалық одақ пен АҚШ «Киев режимін қаржыландырып отырған негізгі донорлар ретінде» бөлінген қаражаттың бір бөлігі мақсатсыз жұмсалып жатқанын енді түсіне бастаған.
«Батыс елдері өз салық төлеушілерінен жиналған ақшаның біразы Киевтегі билік арқылы жымқырылып жатқанын барған сайын айқын сезінуде», — деді Песков.
Айта кетейік, осы апта басында Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы энергетика секторында ауқымды тексеріс бастаған болатын. Бұл тексеру халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырды.
RUS