Енді электронды құжаттар сотта дәлел ретінде қабылданады

12.11.2025, 17:06
270
Енді электронды құжаттар сотта дәлел ретінде қабылданады Perawit Boonchu / Vecteezy

Мәжіліс жаңа Цифрлық кодексті мақұлдады. Нені білу керек?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс бүгін жаңа Цифрлық кодекс пен оған қосымша екі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутат Екатерина Смышляева құжаттарды таныстырды.

Жаңа кодекс цифрлық деректер мен платформаларды құқықтық объект ретінде танып, олардың экономикалық құндылығын арттырады және азаматтық айналымда қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, eGov сияқты мемлекеттік жүйелер «ұлттық объект» мәртебесіне ие болып, жеке меншікке сатылудан немесе шетелге берілуінен қорғалады.

Электронды цифрлық қолтаңба негізгі қол қою тәсілі ретінде сақталатын болады, бірақ кей жағдайларда онлайн қызметтерге келісім беру кезінде SMS, push-хабарлама немесе биометриялық растау сияқты жеңілдетілген әдістерді қолдануға рұқсат етіледі.

Кодексте электронды құжаттар үш категорияға бөлінеді:

1. Электронды құжаттар – ЭЦҚ қойылған, қағаз құжатпен тең.

2. Цифрлық құжаттар – мемлекеттік базалардан алынатын анықтамалар.

3. Цифрлық мәліметтер – дерекқорлардан алынған жазбалар, мысалы ЖСН арқылы.

Сонымен қатар, алғаш рет «цифрлық дәлел» және «цифрлық делдал» ұғымдары енгізілмек. Енді электронды жазбалар сотта дәлел ретінде қолданылуы мүмкін, ал маркетплейстер мен курьерлік сервистердің жауапкершілігі заңмен бекітіледі.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан