Оңтүстік тұрғындары қарқынмен өсіп жатқанмен, солтүстікте өлім көбейді

12.11.2025, 17:53
378
Оңтүстік тұрғындары қарқынмен өсіп жатқанмен, солтүстікте өлім көбейді pixabay

Елімізде өлім-жітім бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығында ел бойынша 249,3 мың бала дүниеге келіп, 97,7 мың адам өмірден өткен. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 151,6 мың адамды құраған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

Есептік кезеңде республика бойынша 87,6 мың неке тіркеліп, 33,1 мың отбасы ажырасқан.

Туудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан облысында байқалды — әр мың тұрғынға шаққанда 22,26 жаңа туған бала. Одан кейін Шымкент қаласы (21,46) мен Маңғыстау облысы (21,26) тұр.

Ал өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді — әр мың тұрғынға 11,43 адам. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан (11,12) және Қостанай облыстарында (9,67) өлім көрсеткіші жоғары.

Сарапшылар бұл жағдайды аталған өңірлердегі халықтың қартаюымен байланыстырады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді