Алматыда жол апатына түскен теологтың жүрегі тоқтап қалған
Алматының Әл-Фараби даңғылында жан түршігерлік жол апаты болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасында көлік тізгінінде отырған имам көз жұмды. Оқиға Жамакаев пен Сейфуллин көшелерінің арасындағы учаскеде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Mitsubishi Lancer көлігі шығыс бағытқа қарай қозғалып келе жатып, кенеттен оңға қарай ығыса бастаған. Көлік жол жиегіндегі бордюрге соғылып, газонмен жүріп өткен соң, жарнамалық билбордқа соғылған.
Куәгерлердің бірі көлікке жақындағанда жүргізушінің ес-түссіз жатқанын байқаған. Ол қауіпсіздік мақсатында аккумуляторды ажыратып, дәл сол сәтте өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатқан.
Дәрігерлер ер адамның апатқа дейін жүрек соғысы тоқтаған болуы мүмкін екенін болжады.
Қазір жол-патруль қызметі мен криминалистер апаттың барлық мән-жайын тексеріп жатыр.
Материал авторы