350

Қазақстан Қарашығанақ жобасын АҚШ санкцияларынан қорғауға кірісті

Қазақстан санкцияның алдын алу шараларын қолға алды.

Қазақстан Қарашығанақ жобасын АҚШ санкцияларынан қорғауға кірісті
kpo.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрлігі Ресейдің ірі мұнай компаниясы Лукойлға қарсы АҚШ енгізген санкциялары Қарашығанақ мұнай-газ жобасына кері әсер етпеуі үшін қауіп-қатерді азайту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы министр Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан тарапы санкция салдарынан жобаның өндірістік және қаржылық тұрақтылығына нұқсан келмеуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ресми құжаттарды тиісті органдарға жолдаған.

«Қарашығанақ жобасы елдің стратегиялық энергетикалық активтерінің бірі. Сондықтан біз барлық ықтимал тәуекелдерді мұқият бақылауда ұстаймыз», – деді Ақкенженов.

Ал Reuters агенттігінің мәліметінше, Лукойл АҚШ Қаржы министрлігіне санкциялық талаптарды орындау үшін операцияларды аяқтау мерзімін ұзартуды сұрап, ресми өтініш жасаған.

Қарашығанақ жобасы Қазақстанның Батыс өңірінде орналасқан ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі саналады. Онда бірнеше халықаралық серіктес, соның ішінде Лукойл компаниясы да бар.

Материал авторы