Павлодарлық әйел күйеуінің тегіне өтемін деп айыппұл арқалады

13.11.2025, 11:34
319
Павлодарлық әйел күйеуінің тегіне өтемін деп айыппұл арқалады Pixabay

Күйеуінің тегін қабылдаған әйел құжаты үшін жауапқа тартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында 26 жастағы әйел күйеуінің тегін қабылдағаннан кейін төлқұжатын жаңартпай, оның жарамсыз екенін бір жылдан соң ғана білген.

Ведомство хабарлағандай, әйел 2024 жылғы тамызда некеге тұрып, күйеуінің тегін алғанымен, төлқұжатын жаңартуды ұмытқан. Жарамсыз құжатты ол тек Халыққа қызмет көрсету орталығына барған кезде білген. Сол сияқты, тағы бір қала тұрғыны да өз құжатының мерзімі өтіп кеткенін байқамай, тек Халыққа қызмет көрсету орталығына барған сәтте анықтаған.

Павлодар облыстық полиция департаменті атап өткендей, азаматтар төлқұжаты жоқ немесе жарамсыз құжатпен, не тіркеусіз 10 күннен 1 айға дейін тұратын болса, оларға ескерту беріледі. Ал көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

«Миграциялық полиция 10 айда 1220 құқық бұзушылықты анықтады. Кейбіреулері құжаттарын жаңартуға уақыт таппады деп түсіндірсе, басқалары айыппұл салынатынын білмеген», — деді облыстық миграциялық қызмет басшысы Қанат Сартов.

Павлодар облысында жалпы 4225 факт тіркелген: азаматтар тіркеусіз немесе төлқұжатсыз тұрған.

Сондай-ақ, қазақстандықтар енді төлқұжатты электрондық үкімет порталы арқылы онлайн рәсімдей алады. Төлқұжат Қазақстан Республикасында 16 жастан бастап беріледі және 10 жыл мерзімге жарамды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады