SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бір компанияның қызметкерлері әріптестерінің алаяқтығына шағымданды. Полиция мәліметінше, ер адам өз ата-анасының қайтыс болғанын айтып, әріптестерінен ақша алып, ізін суытқан.
Полиция порталы Polisia.kz хабарлағандай, ер адам жұмыстан демалыс алу үшін әкесінің қайтыс болғанын айтып өтірік айтқан. Басшылық көңіл айтып, оған демалыс беріп қана қоймай, қаржылай көмек көрсету үшін әріптестер арасында ақша жинауды ұйымдастырған.
«Апта өткен соң ол шешесінің де қайтыс болғанын хабарлады. Мұны естіген әріптестері қайтадан қаржылай көмек көрсетуді жоспарлаған.
Дегенмен, олар ақпаратты тексеріп, ер адамның шешесі тірі екенін анықтады. Сол сәттен кейін қызметкерлер полицияға хабарлады», – деп хабарлады ІІМ.
20-дан астам әріптесі ер адамға түрлі сомада ақша аударып, оған жанашырлық танытқан. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүріп жатыр.
RUS