SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық комиссия (ЕК) Украинаға Ресей активтерінен түскен табыс негізінде беріліп келген кредиттік бағдарламаның соңғы траншын аударды. Бұл туралы Еуроодақтың экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис хабарлады.
Оның айтуынша, ERA Loans бағдарламасы аясында жалпы 18,1 млрд еуро бөлінген, ал бүгін Украинаға соңғы 4,1 млрд еуро аударылды. Осылайша, бұл бағдарлама бойынша қаржы толық игерілді.
ЕК төрағасы Урсула фон дер Ляйен де Украинаға Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыс есебінен жалпы 6 млрд еуро бағытталғанын растады. Оның ішінде 4,1 млрд еуро — кредит, ал қалған 1,9 млрд еуро — Ukraine Facility гранттық бағдарламасы аясында берілген қаражат.
Бұл қаржы 13 қараша күні Украина шотына түсуі тиіс.
Алайда Еуроодақтың Ресей активтерінен түсетін табысқа негізделген бұл кредит желісі енді толығымен таусылғандықтан, Украина бұдан былай дәл осы тетік арқылы қосымша қаржы ала алмайды.
RUS