Алматыда тапанша ұстаған ер адам қыздың артынан қуған (ВИДЕО)
Қаланың қақ ортасында ер адам тапанша ұстап жүрген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Алматыда белгісіз ер адам көшеде қызды аңдып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан.
Куәгердің сөзінше, ол Тимирязев көшесімен дәріханаға бара жатқанда, артынан бейтаныс ер адам еріп келе бастаған. Қыз жақын маңдағы ломбардқа кіріп, жасырынған, ал ер адам сыртта қалып, қолындағы затты көрсеткен.
«Маған шұғыл түрде бұрыш баллон керек болды. Ол артымнан қалмай, бірдеңе айтып келе жатты. Мен дүкенге кіріп кеттім, ал ол сыртта тұрып тапаншаға ұқсайтын затты шығарып, күтті. Қатты қорықтым, денем қалтырап кетті. Кейін полиция шақырып едік, бірақ олар жай ғана түсіндіру әңгімесін жүргізіп кетіп қалды», – деп жазды бойжеткен Threads желісінде.
Пікір қалдырғандардың көбі полиция әрекетіне наразы болды. Олар неге күдікті ұсталған жоқ деп сұрады.
«Полицейлер оның жергілікті бұзақы екенін, тапаншаның жалған болғанын айтты да, босатып жіберді», – деп түсіндірді оқиғаның куәгері.
Қазіргі уақытта Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беруге дайындалып жатыр.
Материал авторы