Тоқаев: Әзербайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік нарыққа шығару – басым міндет

10.04.2023, 20:17
715
Тоқаев: Әзербайжан арқылы қазақ мұнайын әлемдік нарыққа шығару – басым міндет smartnews.kz

Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін толыққанды ашу зор маңызға ие. Сөз логистикалық қызметті жетілдіру, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және тұйық логистикалық цикл қалыптастыру жайында болып отыр. Сонымен қатар 2022-2027 жылдарға арналған Орта дәлізді дамыту жөніндегі жол картасын тиімді жүзеге асыру зор маңызға ие. Біз бұл бағытқа арта түскен қызығушылықты толықтай қолдау және оның инфрақұрылымдық дамуына үшінші елді тарту маңызды екендігіне келістік. Бұл іс-шаралардың барлығы, сондай-ақ халықаралық серіктестерімізбен өзара тығыс іс-қимыл «Шығыс-Батыс» бағытында жүктерді тұрақты жне жедел жеткізуге кепілдік беруге жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға да баса назар аударылғанына тоқталды.

«Бүгінде әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізуді одан әрі әртараптандыру біздің басым міндетіміз саналады. Өздеріңіз де білетіндей, биыл біздің уағдаластығымыздың арқасында Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілген болатын. Келесі қадам – жеткізу көлемін арттыру және оған ұзақмерзімді тұрақты сипат беру», - деді Президент.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды