SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында болған қайғылы оқиғадан кейін полиция екі адамды ұстады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан екі адамның өліміне әкелген жағдай тіркелген.
«Шымкент қаласындағы зауыттардың бірінде еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан екі қызметкер көз жұмған. Тергеу барысында екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полиция.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
RUS