Бүгін еліміздің жартысын тұман басып көктайғақ болады

14.11.2025, 09:00
333
Бүгін еліміздің жартысын тұман басып көктайғақ болады iStock

Қазгидромет синоптиктері бірнеше өңірге ескерту жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңіріне алдағы тәуліктерге арналған дауылды ескертулер жарияланды. «Қазгидромет» дерегінше, 14-15 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және қатты жел байқалуы мүмкін.

Маңғыстау облысында 14 қараша түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтауды да тұман басады.

Жетісу облысында 14 қараша түнде таулы аумақта тұман түседі. 14-15 қарашада Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Атырау облысында 14 қараша түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігін тұман басады. Атырау қаласында да жағдай сондай.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында 14 қарашада тұман түседі.

Ақтөбе облысында 14 қараша түнде солтүстік-шығыста көктайғақ байқалады.

Батыс Қазақстан облысында 14 қараша түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында да жағдай дәл сондай болмақ.

Ақмола облысында 14 қарашада өңірдің батысы, солтүстігі және шығысында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Астанада да көктайғақ тіркелуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында 14 қарашада солтүстік пен шығыста қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей аудандарда 20 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде көктайғақ болады.

Абай облысында 14 қараша түнде солтүстік пен орталықта қар мен бұрқасын құбылыстары байқалады. Оңтүстік пен орталықта тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысында 14 қараша түнде және таңертең өңірдің оңтүстігін тұман басады.

Павлодар облысында 14 қараша түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында 14-15 қараша күндері түнде және таңертең оңтүстік пен таулы аудандарда тұман болады. Желдің екпіні кей учаскелерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Таразда да тұман болады.

Қызылорда облысында 14 қараша түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында 14 қараша түнде солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын, батыста тұман болады. Желдің екпіні күндіз 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында 13-15 қараша аралығында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды