368

Ірі сауда орталықтарына металл іздегіш орнату ұсынылды

Министрлік халық көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздікті күшейтпек.

Ірі сауда орталықтарына металл іздегіш орнату ұсынылды
GARRETT SuperScanner V

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы ірі сауда орталықтарында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі қайта қаралды.

Сауда және интеграция министрлігі антитеррористік қорғаныс талаптарын жаңартатын бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатта халық көп шоғырланатын нысандарда металл іздегіш рамаларды орнату ұсынылған. Ведомство бұл шараны қауіпсіздік деңгейін арттыру әрі ықтимал қатерлердің алдын алу үшін қажет дейді.

Жобада сауда объектілерінің инженерлік-техникалық қорғанысын жаңғырту, бақылау жүйелерін күшейту және қауіпсіздік талаптарын нақтылау қарастырылған.

Қоғамдық талқылау аяқталған соң, ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, бұйрықтың түпкілікті нұсқасы бекітілуі мүмкін.

Материал авторы