621

Германияда иммигранттарға қарсы жаппай наразылық басталды

Иммигранттар немістерді шаршатты, кезекті толқыннан кейін олар босқындарға, соның ішінде Украинадан келіп жатқан иммигранттарға наразы екенін білдіріп көшеге шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Германияда иммигранттарға қарсы жаппай наразылық басталды
pixabay

Le Figaro газетінің жазуынша, немістер қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне және тұрғын үй тапшылығына алаңдайды.

Өткен жылдың ақпан айынан бастап Германияға миллионға жуық украин келді. Бұған қоса Ауғанстан мен Сириядан келген мигранттар да көбейген.

7 сәуірде Neue Osnabrücker Zeitung Германияның құқық қорғау органдары Украинадағы оқиғаларға қатысты 6 мыңға жуық қылмыс тіркелгенін хабарлады.