Жалған қайырымдылық туралы «Ауру» фильмі цензураға ұшырады

14.11.2025, 12:09
451
Жалған қайырымдылық туралы «Ауру» фильмі цензураға ұшырады фильмнен алынған кадр

Мәдениет министрлігі қысқартқан көріністер режиссердің қарсылығын туғызды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 қарашада елдегі кинотеатрларда көрсетіле бастаған «Ауру» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігінің талаптарына байланысты бірнеше маңызды көріністен айырылып, қысқартылған нұсқамен прокатқа шықты. Бұл туралы картинаның режиссері Айтөре Жолдасқали жеткізді.

Оның айтуынша, киноның мазмұнына тікелей әсер ететін бір толық эпизод пен бірнеше қысқа кадр алынып тасталған. Әсіресе финалдық көріністің кесіліп қалуы фильмнің мағыналық салмағын өзгертіп жіберген.

Режиссер жуық күндері туындының өзге нұсқасын шығару ықтимал екенін айтады. Қазір шығармашылық топ фильмге «18+» санатын қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Оның сөзінше, болашақта көрерменге қатты «блюрленген» нұсқа ұсынылуы мүмкін.

Дегенмен фильмнің жас шектеуі прокатқа шығаруға бір күн қалғанда «18+»-тен «21+» категориясына ауыстырылған. Бұл санаттағы картиналар тек 22:00 мен 06:00 аралығында көрсетілетіндіктен, оның жинағына әсер ететіні белгілі.

Режиссер Мәдениет министрлігі қойған бастапқы шектеулер тек қатыгездік эпизодтарына емес, оқиғаның мәнін ашатын маңызды көріністерге де қатысты болғанын атап өтті.

«Ауру» — Айтөре Жолдасқалидің екінші толықметражды фильмі. Сюжеттің негізінде: жас отбасы қарыздан құтылу үшін жалған ауру ойлап тауып, көпшіліктен ақша жинайды. Әлеуметтік желідегі танымалдық пен оңай табыс олардың ашкөздігін үдете түсіп, оқиға шиеленіске айналады. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды