443

Ресей де қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволдың үстінен іс қозғауы мүмкін

Ресей Биволдың даулы жазбасын тексеруге кірісті.

Ресей де қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволдың үстінен іс қозғауы мүмкін
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің құқық қорғау органдары Екатерина Биволдың әлеуметтік желідегі даулы жазбасына байланысты тексеріс бастады.

«Газета.Ru» таратқан мәліметке сәйкес, істі Санкт-Петербург пен Ленинград облысының полициясы қарастырып жатыр. Егер тексеріс барысында қылмыс құрамының белгілері анықталса, Биволға туған елінде қылмыстық іс қозғалу ықтимал.

Екатерина Бивол — Ресей боксшысы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы. Боксшы Қырғызстанда дүниеге келген. Даудың туындауына әйелдің әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халқына қатысты ауыр әрі қорлайтын сөздер жазуы себеп болды.

Бұл жазба екі елдің де ресми органдарының жедел әрекетіне түрткі болды: Қазақстан мен Қырғызстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған.

Қазақстан тарапы Биволды елге экстрадициялауға ниетті екенін мәлімдеді.

Материал авторы