Жинағы жоқ жастарға да үй алуға жол ашылды

14.11.2025, 17:06
474
Жинағы жоқ жастарға да үй алуға жол ашылды Yuganov Konstantin

Отбасы банк жастарға баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктерін ашып айтты.

Жас қазақстандықтар үшін баспана алу жолындағы ең үлкен тосқауылдың бірі – небәрі алғашқы жарнаны жинау. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отбасы банк осы мәселеге нақты шешім ұсынатын бірнеше бағдарлама арқылы жастардың үйлі болу мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Қазір банкке жинақ салып жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар саны 1,4 миллионнан асқан. Мемлекет те бұл үдерісті қолдап, жыл сайын салымдарға 20 пайыз көлемінде сыйақы қосады.

Отбасы банк мамандары жастарға арналған үш негізгі бағытты ерекше атап өтеді: ауылға жұмыс істеуге барушыларға арналған жеңілдетілген несие, жыл сайынғы «Наурыз» бағдарламасы және өңірлік жастар жобалары. Әрқайсының шарты әр түрлі, бірақ барлығының мақсаты бір — жас буынға өз шаңырағын тезірек ашуға жол ашу.

«Дипломмен ауылға» – бастапқы жарнасыз, 1% несие

Бұл бағдарламада ең үлкен артықшылық – алғашқы жарнаның қажет етілмеуі. Үй кез келген ауылдық жерде рәсімделеді, несие мөлшерлемесі — 1 пайыз. 2025 жылы берілетін ең жоғары сома 9,83 млн теңгені құрайды.

Бағдарлама ауылға барып өз саласында жұмыс істегісі келетін мамандарға арналған. Қамтылатын бағыттар: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, агросектор және әкімдік аппаратының қызметкерлері (акимдер мен орынбасарларынан басқа).

Қатысу үшін үміткер алдымен жергілікті әкімдікке барып, қажетті мамандар тізіміне енуі керек. Кейін өтінім Baspana Market порталы арқылы қабылданады. Бағдарламамен қазірге дейін 7 388 адам баспана алған.

«Наурыз» – 2 млн теңгесі бар жастарға арналған мүмкіндік

Бұл бағдарламаға кез келген мамандық иесі қатыса алады. Ең басты талап — соңғы 5 жылда өз атына тіркелген баспананың болмауы және Отбасы банктегі депозитінде 2 млн теңгенің жиналуы.

Несие мөлшерлемесі — 9 пайыз. Жаңа үйді таза әрлеудегі күйінде алса, бастапқы жарна 10 пайыз. Қарапайым (черновой) үйлер үшін — 20 пайыз. Қажет болса, жөндеу шығынын да несие сомасына қосуға рұқсат етіледі.

Қазір «Наурыз» бағдарламасы бойынша берілген несиелердің 60 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі. Осы уақытқа дейін 17 мыңнан аса адам пәтер алған. Бағдарлама алдағы 5 жылда да жалғасады.

Өңірлік жастар бағдарламалары – 5% несие, 10% бастапқы жарна

Сегіз жылдан бері іске асырылып келе жатқан өңірлік жобаларда да басымдық әлеуметтік сала қызметкерлеріне беріледі: дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер, полицейлер, құтқарушылар, мәдениет және спорт өкілдері.

Несие мөлшерлемесі — 5 пайыз, бастапқы жарна — 10 пайыз. Биыл Астана, Алматы, Шымкент және бірнеше облыста іске қосылған. Жақын уақытта тағы төрт өңірде басталуы жоспарланған. Бұл бағытпен 11 630 отбасы баспана алған.

Жинақтау — баспанаға жақындататын басты құрал

2025 жылы мемлекеттен берілетін ең жоғары сыйақы — 157 280 теңге. Ол үшін жыл соңына дейін депозитке 786 400 теңге салу керек. Жинақтың әр теңгесі маңызды: дәл осы тәсілмен Отбасы банк арқылы үй алған жас азаматтардың саны бүгінде 129 мыңнан асты. Орташа несие көлемі — 18,8 млн теңге.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді