«Қазақстан мұнайдан – ЖИ-ге өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр» - Питер Норвиг

15.11.2025, 19:37
537
«Қазақстан мұнайдан – ЖИ-ге өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр» - Питер Норвиг ted.com

Жасанды интеллект саласының әлемге танымал ғалымы, әйгілі Google Research бөлімшесінің бұрынғы басшысы, «Artificial Intelligence: A Modern Approach» оқулығының тең авторы Питер Норвиг Қазақстанның технология, білім беру және ғылым жүйелеріндегі реформаларын жоғары бағалады.

Бұл пікірін ол Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ (жасанды интеллект) дамыту жөніндегі кеңеске қатысқаннан кейін білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz.

Норвиг Қазақстанға Қытайдың атақты кәсіпкері әрі сингапурлық Sinovation Ventures инвестициялық қорының негізін қалаушысы Кай-Фу Ли шақыруымен келген болатын. Кеңес жұмысына әлемдік деңгейдегі сарапшылар, үкімет мүшелері, ғалымдар мен технологтар қатысты.

Питер Норвиг өз сөзінде былай деді:

«Қазақстан – мұнайлы мемлекет. Бірақ бұл ел экономикалық құрылымын жасанды интеллект бағытына батыл бұрып отырған санаулы елдердің бірі. Бұл – тарихи трансформация. Елдің демографиясы жас, жастар технологияға өте ынталы. Білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде Қазақстанда 30-ға жуық шетелдік университеттердің филиалдары жұмыс істейді. Аймақ үшін бұл бірегей көрсеткіш», – деді Норвиг.

Маманның айтуынша, Қазақстан иммиграция саласындағы саясатты дұрыс қолдана білген. Елге шетелдік студенттер ағылып келіп жатыр, ал отандық жастар халықаралық деңгейдегі бағдарламалар арқылы бәсекеге қабілетті маман болып өсуде. Оның пікірінше, мұндай тәсіл кадрлық әлеуетті күшейтуге және технологиялық дамуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның стартап экожүйесіне тоқталды:

«Стартаптарға көбіне венчурлық капитал емес, мемлекеттік гранттар арқылы қолдау көрсетіледі. Бұл – өзге елдерден өзгеше, бірақ тиімді модель. Қазірдің өзінде алғашқы "единорогтар" (бағасы 1 миллиард доллардан асатын стартаптар) пайда бола бастады. Ең бастысы — Үкіметтің ұзақ мерзімді, нақты бағыты бар. Мемлекет қоғамды бұл бағыттың дұрыс екеніне сендіре алды», – деді ол.

Оның пікірінше, Қазақстан билігінің дәйекті саясаты, технологияға деген стратегиялық инвестициясы және ашық диалог орнатуға тырысатын саяси мәдениеті елдегі инновациялық ортаны жедел дамытып келеді.

Айта кетейік, Питер Норвиг – Кремний алқабының символына айналған тұлғалардың бірі. Ол 2000–2012 жылдары Google-дың іздеу жүйесі бойынша жетекші ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарған. Сонымен қатар, Стэнфорд университетінде оқытушы болып қызмет атқарған, NASA-да жасанды интеллект жобаларымен айналысқан. Оның «Artificial Intelligence: A Modern Approach» оқулығы әлемнің 20-дан астам тілінде жарық көріп, 150-ден астам елде оқу бағдарламасына енген.

Қазақстанда соңғы жылдары жасанды интеллект, цифрлық трансформация тақырыптары мемлекеттік деңгейде талқыланып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ЖИ дамыту кеңесі құрылып, елдің экономикалық болашағын технология арқылы күшейту бағытындағы бірқатар құжаттар қабылданды.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады