Екатерина Бивол психиатриялық тексеруден өтіп жатыр
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді деп айыпталған Екатерина Бивол өз нұсқасын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік боксшы, Әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол соңғы апталардағы даулы жағдайдан кейін психиатриялық ауруханада медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ол бұл қадамды өзіне қатысты түсіп жатқан шағымдардың көбеюімен байланыстырады.
Екатерина Биволдың айтуынша, оған бағытталған қысым бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Ол өзін негізінен Қазақстан мен Қырғызстаннан шыққан Бивол жанкүйерлерінің, сондай-ақ Ресейдің бір бөлігіндегі әлеуметтік желі қолданушыларының жүйелі түрде тіл тигізіп келгенін айтады.
«Мені екі жыл бойы тоқтаусыз қуғындап келеді. Осындай ұзақ әрі агрессивті шабуылдарға жауап берсем, мұны пайдаланып, маған қарсы тексеру бастауға тырысады», – деді ол.
Ол заң бұзбағанын екенін ерекше атап өтті. Ол көлік жүргізген кезде мас күйінде болмағанын, балаларға қол көтермегенін айтты.
«Менің өмірімнен хабардарсыздар», – деді ол.
Қазан айында әлеуметтік желіде тараған видеоларда Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл жазбалар екі елде де қатты сыналып, қоғамдық резонанс туғызды.
Қырғызстанда оған қатысты ұлтаралық араздық қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан ІІМ де оның іздеуде екенін хабарлады. Кейінірек құқық қорғау органдары Биволға қатысты ресми ориентировка жариялады.
Екатерина мен Дмитрий Бивол 16 жыл некеде тұрған, екі баланы бірге тәрбиелеген. Жұп 2023 жылдың маусымында ресми түрде ажырасқан. Екатерина бірнеше рет өз әкесінің Алматыдан шыққанын, ал атасының ұйғыр болғанын айтқан еді.
Ресей тарапы Қазақстанға Биволдың бұрынғы жұбайын іздестіру шараларында көмек көрсететінін мәлімдеді.
Материал авторы